«Бірлігі жарасқан халықпыз» атты сайысы

«Түрксіб жалпы орта білім беретін мектебі» КММ «Бірлігі жарасқан халықпыз» атты интеллектуалды ойынының Анализі 27.04.2018 ж күні Түрксіб ЖОББ мектебінде 1-мамыр бірлік күніне арналған «Бірлігі жарасқан халықпыз» атты интеллектуалды ойыны өтті. Мақсаты: Бірлік мерекесінің – қазақстандықтар үшін татулық пен ынтымақ мейрамы екенін түсіндіру. Қазақстанда тұратын көп ұлттың достығы мен тұтастығын, салт- дәстүрін сыйлауға тәрбиелеу. Мерекелік көңіл- күй сыйлау. Қазақстанда тұратын көп ұлттың достығы мен тұтастығын, адал ниеті мен мақсат-мүдде ортақтығының символына айналған ынтымақтастық мерекені ұмытпауға баулу Сайысқа 5-10 сынып оқушыларынан құралған «Болашақ», «Достық» және «Ұлттық ұран» топтары қатысты. Сайыс төмендегідей кезеңдер бойынша өтті: 1. Таныстыру (команда аты, эмблемасы) 2. Тілі бөлек болғанымен тілек бір (салт-дәстүр және мәлімет) 3. Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте (Мақалдар бәйгесі) 4. Білімдіге дүние жарық (сұрақ-жауап) 5. «Ты мне, Я тебе» (викториналық сұрақтар) 6. «Өнерлі бала сүйкімді» (ән, би жарысы) Әділ-қазылар алқасының шешімі бойынша «Достық» - 87 ұпаймен І, «Болашақ» - 84 ұпаймен ІІ орын және «Ұлттық ұран» - 79 ұпаймен ІІІ орындарды иеленді. Дайындаған: М.С. Зарлыкова Ш.Е. Сапенова

«Ж
Лента активности
Участники (1)
Profile picture of Турксибская  средняя  школа