Катонқарағай ауданы.Майемер орта мектебі

Майемер орта мектебінде соңғы қоңырау салтанатты жиыны «Өмір теңізімен арман жағалауына сәт-сапар!» тақырыбымен өтті. Шара басында мектеп директоры биылғы оқу жылында жарыстарға, спорттық шараларға қатысқан ұстаздар мен оқушыларға дипломдар мен Алғыс хаттар тапсырды. Жиында түлектер ұстаздарына жүрекжарды өлеңдерін арнап, әсем әндерін жолдап, естелік кітаптарын табыстады. Ал мектеп бітіруші түлектердің ата-аналары атынанан Байтақпаева Қаршыға сөз сөйлеп мектеп басшылығы мен ұстаздарға ризашылығын білдіріп, түлектерге ақ тілегін жолдады. Осыдан 11 жыл бұрын кішкентай болып осы мектепке келген балапандар қазір, міне, әдемі жігіттер мен қыздар болып өсті. Түлектер, сіздерді осындай деңгейге жеткізген ұстаздарыңызға мың алғыс! Сіздерді ата-аналар атынан бүгінгі мерекелеріңізбен құттықтап, Ұлттық бірыңғай тестілеуде жақсы баға алуларыңызға тілектестік білдіремін, — деді ол. Соңғы қоңырауды 11-сынып оқушысы Тоқтарханов Зейін мен 1-сынып оқушысы Карлова Балауса соқты.

КА

Лента активности
Участники (1)
Profile picture of Майемерская  средняя школа